Эпилепсия – мидағы нейрондардың қатты белсенділігінен күтпеген ұстамалар болатын ауру. Бұл ауру кезінде құрысу, тырысу және естен тану жағдайлары болады. Әлемдегі ең жиі кездесетін ауру бола тұра ол басқа паталогияның жанама әсері ретінде де, жеке өзі де дамуы мүмкін.
Эпилепсияның негізгі белгісі – циклдік сипатқа ие ұстамалар және ұстама кезінде қозғалыс функцияларының бұзылуы, сезім мүшелерінің жұмысының тоқтауы, эмоциялық ауытқулар. Ұстамалар бір реттік немесе бірнеше реттік болуы мүмкін және олардың негізгі белгілері тілдің артқа кетіп қалуы, ауыздан көбік ағу, тыныс алудың тоқтауы, дененің тырысуы және қорылдау.Эпилепсияны емдеу процесі, қандай әдіс таңдалса да, ұзақ уақытқа созылады және оның барысында пациент үнемі бақылауда болуға тиіс.
Емдеудің бірнеше әдісі бар: - Дәрі-дәрмекпен емдеу. Бұл кезде негізгі препараттарға ұстаманы тоқтатуға және болашақта болғызбауға көмектесетін әртүрлі топтардағы селкілдектің алдын алатын дәрілер жатады. Алайда дәрімен емдегенде бұл ұстаманы ғана емес, олардың пайда болу себептерін жою қажет.
- Дәрі-дәрмексіз емдеу. Дәрігерлердің көпшілігі негізгі емделу курсымен қатар емдік дене шынықтырумен, йогамен айналысуды ұсынады. Сондай-ақ ремиссия кезінде сусыздандыру немесе тарату физиотерапиясы тағайындалуы мүмкін.
- Хирургиялық емдеу. Хирургиялық араласу сирек жағдайларда, әдеттегі әдістер көмектеспегенде қажет болады. Эпилепсияны хирургиялық емдеу 2 түрге бөлінеді – мидың ұстама пайда болатын аймағын алып тастау немесе (парциалдық ұстама кезінде) стимулятор енгізу немесе субпиалдық кесу әдісі.