Нейродегенеративтік аурулар дегеніміз не?

Нейродегенеративтік аурулар (НДА) - бұл орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ)
белгілі бір құрылымдарына кіретін нейрондардың прогрессияланушы де-
генерациясы мен өлімінің нәтижесінде пайда болатын, ОЖЖ-нің бөлімдері
арасындағы байланыстың үзілуіне және тиісті нейромедиаторлардың бөлінуі
мен синтезіндегі үйлесімсіздікке әкелетін және осының салдары ретінде
адамның есте сақтау қабілетінің, қимылдары мен ойлау қабілетінің бұзылуы-
на алып келетін аурулар. S. Prusiner приондық теориясын ұсынғаннан кейін,
НДА-ның табиғаты ми жасушалары үшін өмірлік маңызы бар ақуыздар кон-
формациясының бұзылуымен байланыстырылады (осы теориясы үшін ол 1997
жылы Нобель сыйлығына ие болған) [1]. Конформациялық аурулардың (КА)
қазіргі заманғы жіктеуі топқұрушы жетекші белгі ретінде аурудың ақуыздық
субстратының (альфа-синуклеиннің, тау-протеиннің немесе бета-амилоид-
тің) патохимиялық сипаттамасын айқындайды. Яғни әрбір нозологиялық түр
үшін белгілі бір ақуыздың шығарылуы болжанады, оның конформациясы мен
жасушаішілік үрдісінің бұзылуы тиісті нейродегенерацияға әкелетін ерімейтін
ақуыздық агрегаттардың түзілуіне алып келеді. Ми жасушаларының өліміне
әкелетін, бұзылған кеңістіктік ұйымдастырылуы (конформациясы) бар ақуыз-
дық молекулалардың және олардың агрегаттарының мөлшерден тыс құрылуы
кез келген нейродегенеративтік үрдістің маркері болып табылады, алайда бұл
оның тікелей себебі емес.
Қазіргі кезде бұл топ ішіндегі жетекші аурулар Альцгеймер ауруы (АА)
және Паркинсон ауруы (ПА) болып табылады [2]. Жақын уақытта нейродеге-
неративтік аурулардың әлеуметтік-экономикалық салдарлары онкологиялық
және жүрек-тамыр ауруларымен бірге бірінші орынға шығуы мүмкін [3].
ПА науқас денсаулығының көптеген аспектілеріне және оның күнделікті
өміріне әсер ететін күрделі неврологиялық бұзылу болып табылады. ПА сияқты
үдемелі ауруы бар науқастың ұзақ мерзімді оңалтуына деген ең жақсы тәсіл -
ол мультипәндік тәсіл. Нұсқаулықта ПА-ның диагностикасына және фарма-
кологиялық еміне қатысты дәлелді медицинаның мәліметтеріне негізделген
ұсыныстар берілген. Диагностика дәлдігіне қатысты салыстырмалы мәлімет-
тер, ПА және басқа да ұқсас жағдайлардың дифференциалды диагностикасы
кезіндегі әр түрлі диагностикалық тестілердің құндылығы ұсынылған. ПА-мен
байланысты моторлы және моторлы емес белгілерді фармакологиялық емдеу-
дің халықаралық стандарттары берілген. Сабақтас медицина мамандарының
рөлі және мидың терең стимуляциясы сияқты ПА-ны емдеудің нейрохирургия-
лық әдістерінің тиімділігі қарастырылмайды.
Нұсқаулық жалпы практика дәрігерлеріне, невролог-дәрігерлерге, емдеу
мекемелерінің, интернат үйлерінің медициналық мейірбикелеріне, фарма-
цевттерге, психологтарға, психиатрларға, науқастар мен олардың туысқанда-
рына, науқастарға күтім жасаушыларға арналады.
Made on
Tilda